Эссе құрылымы

Эссе кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімдерден құралады

Кіріспе – ойдың басы. Кіріспе құрамындағы алғашқы 2 сөйлем тақырыпты ашу сөйлемі болып табылады. Мұнда тақырыптағы кілт сөздерді негізге аламыз. Келесі екі сөйлемде өзектілік пен тезис орналасады. Соңғы сөйлемде ой тұжырымдалып, негізгі бөліммен байланыстырылады.

Мысал: Махаббат – мәңгі ертегі

Бұл өмірде ең ғаламат сезім махаббатты басынан кешпеген жан жоқ шығар. Ыстық сезім мен тәтті қиялға толған ғашық жан өзін құдды бір ертегіде жүргендей сезінеді.

Өзектілікте көтерілген мәсселенің қазіргі замандағы маңызы айтылады. Бұл жерде негізгі ойды ашып, тақырыппен байланысты болғаны жөн. Сонымен қатар жай сөйлем түрінде беру түсініктілігін айшықтайды. Төмендегі сұрақтарға жауап қамтылуы тиіс:

  • Қазіргі таңда орны қандай?

  • Қоғам мүшелерінің көзқарасы қандай?

  • Адамзатқа әсері қандай?

  • Мемлекетке қандай пайдасы бар?

Мысал:

Бұл өмірде ең ғаламат сезім махаббатты басынан кешпеген жан жоқ шығар. Ыстық сезім мен тәтті қиялға толған ғашық жан өзін құдды бір ертегіде жүргендей сезінеді. Қазіргі кезде аталған сезімнің мәнін түсінбей ертегінің соңын бақытты қылып аяқтаудың жолында адасып жүргендер көп.

Тезис деп жұмыстың қысқаша мазмұнын айтады. Ол өзектілікпен байланысып, эссенің негізгі ойын ашуы қажет. Тақырыптың кілт сөздерін перифраздап, синоним сөздермен алмастыру арқылы алған жөн. Қорытынды бөліммен байланысты болуы керек. Аргументтерге өзек болып, негізгі бөлімсіз кіріспе мен қорытынды байланысып жатқаны оның маңызын арттырады.

Мысал:

Бұл өмірде ең ғаламат сезім махаббатты басынан кешпеген жан жоқ шығар. Ыстық сезім мен тәтті қиялға толған ғашық жан өзін құдды бір ертегіде жүргендей сезінеді. Қазіргі кезде аталған сезімнің мәнін түсінбей ертегінің соңын бақытты қылып аяқтаудың жолында адасып жүргендер көп.

Нәзік қана сезім отының лаулап жануына екі жақтың шынайы көңілі мен адалдығы маңызды.

Қорытындылаушы сөйлем, көзқарасқа мысал: Бұл өмірде ең ғаламат сезім махаббатты басынан кешпеген жан жоқ шығар. Ыстық сезім мен тәтті қиялға толған ғашық жан өзін құдды бір ертегіде жүргендей сезінеді. Қазіргі кезде аталған сезімнің мәнін түсінбей ертегінің соңын бақытты қылып аяқтаудың жолында адасып жүргендер көп.

Нәзік қана сезім отының лаулап жануына екі жақтың шынайы көңілі мен адалдығы маңызды. Өйткені адалдық болған жерде ғана биік те, берік махаббат қорғанын соғуға болады.



Аргумет деген не?
Аргументтер тезистің шынайы екендігін дәлелдеп береді. Сіздің дұрыс деп шығарған үкіміңіз шынайы, дәлелденген ақпарат болуы тиіс, сондай-ақ қоғамда орын алған жайттардан алынғаны жөн.
Мысалы: Біріншіден, «ғашық болу, біреуді ес-түссіз құлай сүю» сынды нығметтерді сезіне білу – үлкен бақыт (аргумент). Менің ойымша, екінің бірінің басына қона бермейтін бақыт құсын ұшырып алмау да өнер(көзқарас).

Екіншіден, бала кезімізден эпостық жырлардағы махаббаттың символы болған Қыз Жібек пен Төлегеннің оқиғасын жаттап өстік емес пе(аргумент)? Бекежанның арпалысы олар тұрғызған махаббат мұнарасын құлата алмады ғой(көзқарас)!

Қорытынды кіріспенің перифразасы болуы қажет. Қорытындылай келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні секілді т.б. клише сөздер арқылы бастау ойдың жинақы болуына септігін тигізеді.
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website