Эссе дегеніміз әр түрлі ғылым салаларында автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Мәтінде қолданылатын сөз саны нақты, берілген тақырып критерийлеріне байланысты пікір айтылады, автор ойын еркін жеткізе алады және мәселені талдау, болжам жасау міндетті болып саналады.
Эссе бойында жеке сыни толғаныс, көркем ой бояуы, көпшілікке ой тастау, әсерлі сезім мен қиял, эмоция көрініс табуы қажет. Ойын жүйелі түрде жеткізумен қатар дәлелдер де келтіру керек.
Эссе жазудағы мақсат автордың шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, өз ойын нақты білдіру және сауатты жеткізу болып табылады. Эссе формасы қай пәнге немесе қандай тақырыпқа жазғанға байланысты болады. Эссе тақырыбында көтерілген мәселе бойынша толғандырған сұрақтарға жауап ізделінеді.